ГКП Горводоканал
2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы «Горводоканал» МКК қызметі туралы есеп

Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: тарату желілері арқылы су беру, ағынды суларды бұру (Екібастұз қ.) және жылу энергиясымен жабдықтау (Солнечный к.) болып табылады.
Кәсіпорын Екібастұз қаласында тәулік бойы үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеді:
- жобалық қуаты тәулігіне 130 мың м3 су жинау құрылыстары, жобалық қуаты тәулігіне 100 мың м3 су құбырын тазарту құрылыстары, орталық жылу пункттері 29 бірлік, ұзындығы 535,4 км сумен жабдықтау желілері, ұзындығы 312,7 км су бұру желілері, кәріз сорғы станциялары 10 бірлік, жобалық қуаты тәулігіне 58,2 мың м3 кәріз тазарту құрылыстары.
- Солнечный кентінде: жобалық қуаты тәулігіне 6 мың м3 «Струя» су дайындау қондырғысы, кәріз сорғы станциялары 2 бірлік, орталық жылу пункті 1 бірлік, ұзындығы 13,7 км сумен жабдықтау желілері, ұзындығы 8,6 км су бұру желілері, ұзындығы 15,4 км жылумен жабдықтау желілері.
Жылыту маусымына дайындық шеңберінде 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында өндірістік іс-шаралар орындалды: су құбыры желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу – 2,947 км, күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін аумақтарды жоспарлау және абаттандыру – 1,529 мың м2, құбырлардың жылу оқшаулауын қалпына келтіру – 2,843 км., сорғыларды ағымдағы жөндеу, ысырмаларды тексеру, жөндеу және ауыстыру, су жылытқыштар мен жылу алмастырғыштарды тазалау, жуу және сығымдау – 125 бірлік. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында 117,4 млн. теңге (ҚҚС-сыз) берілді.
Кәсіпорын қызметінің тұтынушылары: халық, шағын және орта бизнес кәсіпорындары, Екібастұз қаласының және Солнечный кентінің өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады. 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушыларға 4,9 млн.м3, су бұру – 2,6 млн. м3, жылумен жабдықтау (Солнечный кенті) – 0,02 млн. гкал көлемінде жүзеге асырылды.
Кәсіпорынның 2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы кірістері – 2 774,2 млн. теңге, шығыстары – 2 773,4 млн.теңге. Қызмет нәтижелері бойынша – 0,8 млн. теңге пайда алынды.
Кәсіпорынның өндірістік қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, кәсіпорын жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және желілердегі авариялық жағдайларға жол бермеуге бағытталған. Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, бірінші кезектегі міндеттерді жедел шешу үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
Қызмет көрсететін тапсырыс берушілер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалады. Кәсіпорынның жалақы, зейнетақы аударымдары бойынша берешегі жоқ. Мемлекет алдындағы салық міндеттемелері уақтылы орындалады.
2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, сумен жабдықтаудың, су бұрудың және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы толық ақпарат «Горводоканал» МКК-ның https://www.ekbwater.kz ресми сайтында орналастырылған.

Таблица за 1-е полугодие 2026год


Смотреть

Подробнее... | Просмотров: 64 | Дата: 21.07.2026, 14:12


2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп

2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге: тарату желілері арқылы су беру, сарқынды суларды бұру және жылу энергиясымен жабдықтау қызметтері бойынша бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы ақпарат. Скачать
2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша тарату желілері арқылы су беру, сарқынды суларды бұру және жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне арналған бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп 2026 жылдың 17 шілдесінде сағ.15.00-де басталады. Мекенжайы:Екібастұз қаласы, Әлия Молдағұлова көш., 78.
Есептің онлайн трансляциясына сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/77972506110?pwd=HbQNnG9UOvEaF5wEGL9EjE1bEKHm9a.1
конференция идентификаторы: 779 7250 6110
қосылу коды: 2zFUMT

Подробнее... | Просмотров: 73 | Дата: 9.07.2026, 14:51


Подробнее... | Просмотров: 57 | Дата: 8.07.2026, 11:14


ХАБАРЛАНДЫРУ

«Табиғи монополиялар туралы» Заңның 25-бабының 6-тармағына сәйкес «Горводоканал» МКК 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, сумен жабдықтау және су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында субъект қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп жүргізеді.
Есеп беру 2026 жылдың 17 шілдесінде сағ.15.00-де басталады. Мекенжайы:Екібастұз қаласы, Әлия Молдағұлова көш., 78.
Есептің онлайн трансляциясына сілтеме:
:https://us04web.zoom.us/j/77972506110?pwd=HbQNnG9UOvEaF5wEGL9EjE1bEKHm9a.1, конференция идентификаторы: 779 7250 6110, қосылу коды: 2zFUMT.

Подробнее... | Просмотров: 47 | Дата: 3.07.2026, 09:05


«Горводоканал» МКК (Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі,78) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға өзгертілген тариф жобасын талқылау бойынша алдағы жария тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
«Горводоканал» МКК Солнечный к. тұтынушыларын және өзге де мүдделі тұлғаларды осы қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырады. https://us04web.zoom.us/j/72137877376?pwd=IFpfXJd1iJan41g71tdb5gyapPdO9R.1
Чат конференциясына сілтеме
https://us04web.zoom.us/launch/jc/72137877376
Конференция идентификаторы: 721 3787 7376
Кіру коды: xEKK1N
Өтетін күні: 2026 жылғы 20 шілде сағат 15.00-де.
Өтетін орны: Солнечный кенті, Конституция көшесі 1, Солнечный кенті әкімдігінің ғимараты.
Көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтің түрі: тарату желілері бойынша су беру және ағынды суларды бұру.
Қосымша қызықтыратын ақпаратты 8(7187) 27-87-66 телефоны арқылы алуға болады.

Подробнее... | Просмотров: 106 | Дата: 19.06.2026, 15:19