Хабарландыру
Табиғи монополия субъектісінің (орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз жүйесі) желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға өтінімдерді қабылдау тәртібінің өзгергені туралы хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №254-VIII Заңымен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 5-тармағына өзгерістер енгізіліп, олар 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға өтінімдерді қабылдау және оны қарау нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «цифрлық үкімет» веб-порталы, уәкілетті органның цифрлық жүйесі не мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2026 жылғы 24 шілдеден бастап табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы өтінім беру мүмкіндігі алынып тасталады.
Өтінім беру порталы:
МҚК ААЖ (Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі)
Портал мекенжайы: https://gov.ggk.kz





.

