2025 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы
«Горводоканал» МКК қызметі туралы есеп
Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны(бұдан әрі-кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорын Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес құрылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: тарату желілері арқылы су беру, сарқынды суды бұру (Екібастұз қ.) және жылу энергиясымен жабдықтау (Солнечный к.) болып табылады.
Кәсіпорын Екібастұз қаласында тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді:
- жобалық қуаты 130 мың м3\тәул.су жинау имараттары, жобалық қуаты 100 мың м3\тәул.су құбырын тазарту имараттары, орталық жылу пункттері 29 бірлік,ұзындығы 535,4 км сумен жабдықтау желілері, ұзындығы 312,7 км су бұру желілері, кәріздік сорғы станциялары 9 бірлік, кәріз тазарту имараттары, жобалық қуаты 58,2 мың м3\тәул.
- Солнечный кентінде: жобалық қуаты 6 мың м3\тәул.«Струя» су дайындау қондырғысы, кәріздік сорғы станциялары2 бірлік,орталық жылу пункті ұзындығы 13,7 км сумен жабдықтау желілері, ұзындығы 8,6 км су бұру желілері,ұзындығы 15,4 км жылумен жабдықтау желілері.
Жылыту маусымына дайындық шеңберінде 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында келесі өндірістік іс – шаралар орындалды: су құбыры желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу – 4.122 км, күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін аумақтарды жоспарлау және абаттандыру-1,601 мың м2., құбырлардың жылу оқшаулауын қалпына келтіру – 4.699км., сорғыларды ағымдағы жөндеу, ысырмаларды тексеру, жөндеу және ауыстыру, су жылытқыштар мен жылу алмастырғыштарды тазалау, жуу және тығыздау-95бірл.. Инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 2025жылдың 1-ші жартыжылдығында 164.8 млн.теңге (ҚҚС-сыз) жұмсалды.
Кәсіпорын қызметінің тұтынушылары: халық, шағын және орта бизнес кәсіпорындары, Екібастұз қаласының және Солнечный кентінің өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады.2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушыларға 6,2 млн.м3,су бұру -.3,0 млн. м3, жылумен жабдықтау (Солнечный кенті) -0,02 млн. Гкал көлемінде сатылды.
Кәсіпорынның 2025 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы кірістері – 2 633,7 млн. теңге, шығындары-2 635,0 млн. теңге. Қызмет нәтижелері бойынша -1,5 млн. теңге пайда алынды.
Кәсіпорынның өндірістік қызметі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, кәсіпорын жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және желілердегі апаттық жағдайларға жол бермеуге бағытталған. Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, бірінші кезектегі міндеттерді жедел шешу үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс жасайды.
Қызметтерге Тапсырыс берушілер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде орындалады. Кәсіпорынның еңбекақы, зейнетақы аударымдары бойынша берешегі жоқ. Мемлекет алдындағы салық міндеттемелері уақтылы орындалады.
2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы, сумен жабдықтаудың, су бұрудың және жылумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы толық ақпарат «Горводоканал» МКК https://www.ekbwater.kz.ресми сайтында орналастырылған.
Подробнее... | Просмотров: 35 | Дата: 4.08.2025, 09:04