Хабарландыру » ГКП Горводоканал

Хабарландыру

Құрметті сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылар!


«Горводоканал» МКК 2023 жылғы 10- мамырдан бастап 2023 жылғы 15- қыркүйек аралығына суару маусымының басталғаны туралы хабарлайды. Жазғы су құбырын суару маусымы басталғанға дейін су-кәріздік қызметтері үшін берешегі болмаған жағдайда, тұтынушының «Горводоканал» МКК абоненттік қызметінің электрондық поштаға ab-water@mail.ru немесе Whatsapp +7 777 6701202 нөмірге берген жазбаша өтінімі арқылы қосылады.
Қосылу құны ҚҚС есебімен 6 840 теңгені (құдықтан су айдаусыз) және ҚҚС есебімен 15 484 теңгені (құдықтан су айдау арқылы) құрайды.
Желілерді тиісті техникалық жағдайға келтіруді және суды есептеу құралдарын орнатуды сұраймыз.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР 2018 жылғы 27-желтоқсаннан № 204-V1 Заңының 27-б. 2-т. сәйкес табиғи монополиялар субъектісінің қызметтерін тұтынушылардың суды есептеу құралдары болуға міндетті.
Бақшаны суару үшін есептеу бойынша даулы мәселелерді болдырмау үшін, бақша мен жазғы су құбыры болмаған жағдайда, суару маусымының басында және соңында өтініш беру керек.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз «Горводоканал» МКК абоненттік қызметіне Әлия Молдағұлова көш., 78 мекенжайы бойынша жүгіне аласыз.
Анықтама телефондары: 77-50-40, 77-50-44, 77-50-45

«Горводоканал»МКК әкімшілігі

Просмотров: 166 | Дата: 19.04.2023, 10:02